22.08.2014
Қалада су құбыры желілерін жөндеу жұмыстары 2010 жылы басталған болатын. Жобаның сметалық құны 419,7 млн теңге.
Ақкөл қаласында жобаны іске асыра бастаған уақыттан бері 46 шақырымнан астам су құбыры төселді. 2014 жылы 126 млн теңге осынау бастаманы аяқтау мақсатында бөлініп отыр. Елді мекенде тағы 7,416 км су құбыры желісі төселетін болады. Шараның аяқталуы биылғы жылдың қарашасына белгіленген.