• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Кендірлі демалыс орнының бірінші кезеңін іске асыру бойынша келісімге қол қойылды 20.08.2014

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жобаны іске асырудың бірінші кезеңі аясында 2 қонақ үй (4 және 5 жұлдызды) құрылысы жоспарлануда. Сонымен қатар, су паркі, аквапарк мен коттедждер құрылысы қарастырылған. Бірлескен жол картасын дайындау мәселесі қаралуда.

Демалыс орнының жобалық қуаты 20-дан астам қонақ үй мен 8 мың 40 мың орынға арналған виллалар мен коттедждерден тұрады. Инвестицияның жалпы көлемі 3,3 млрд доллар. Алдын ала бағалаулар бойынша, Кендірлі демалыс орны 2020 жылға қарай жыл сайын 640 мыңнан астам туристті қабылдай алады. Экспобағытталған жобаның іске асырылуы (70% шет елдік және 30% қазақстандық турист) 54 мыңдай адамды жұмыспен қамтуға жол ашады. Жыл сайынғы табыс көлемі шамамен 800 млн доллар.

Сонымен қатар, БҰҰ тарапынан қабылданған «Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасын іске асыру аясында Кендірлі демалыс орны құрылысы «4-інші ұрпақ» демалыс орнының жоғарғы стандарттары бойынша жүзеге асырылып, тұрақты дамуға қадам баспақ.

«Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігі тарапынан «Кендірлі» демалыс орны инженерлік-транспорттық инфрақұрылымын құру жұмыстары жүргізілуде. Кендірлі демалыс орнының сыртқы инженерлік инфрақұрылымының бірқатар жобалары да қолға алынып, халықаралық «Кендірлі» әуежайы құрылысы мақұлданды», - делінген хабарламада.

 

 


Back to the list