20.08.2014
Жолдың 175 км республикалық маңызды, 220,3 км - облыстық маңызы бар және 99,4 км - аудандық маңыздағы жолдар.
Аймақтың аудандарында кіре берістегі тас жол және ауыл ішіндегі көшелердің жолдары жөнделетін болады.
Бұдан басқа, Мақат ауданында Бәйгетөбе сынды бірқатар елдімекендерге баратын жолдар қалпына келтіріледі, жолдың 85 км қалалық маңыздағы жолдар. Сонымен қатар, тұрғындардың сұранысы бойынша Қызылкөгін ауданының Сағыз станциясында жаяу жүргіншілер көпірі салынып жатыр.
«Өңірде жолдардың күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 170 км созылған Оралдың сол жағалауындағы «Атырау - Индер» тас жолы бар, жоба құны - 19,2 млрд теңге. Бұл жұмыстар республикалық бюджеттің есебінен емес, жергілікті бюджет пен демеушелердің қаржысына жүргізілуде. Жыл соңына дейін жолдардың жөндеу жұмыстарын аяқтау көзделуде», - делінген хабарламада.