• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда қала әкімі метро құрылысымен танысты 12.08.2014

«Мәскеу» станциясында Алматы метрополитені екінші кезегінің «Сайран-Мәскеу» сол жақ қума тоннелінде үңгілеу жұмысы жүзеге асты. Осылайша, қала басшысы «Сайран» және «Мәскеу» станцияларының құрылыс барысын көрді. Жұмысты кестеге сай жүргізіп, құрылысты биыл аяқтау тапсырылды.

Қала басшысы «Мәскеу» және «Сайран» станциялары Алматының шет аудандарын орталықпен қосатындығын айтты. Осының арасында орталық көшелердегі көлік кептелістері азаятын болады. Алматы әкімі Мемлекет басшысының қолдауы арқасында метро құрылысының жалғасатындығын айтты.

Қазіргі кезде екі жаңа станцияда негізгі конструкциялар орнатылып, әрлеу жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, станциядан шығатын өтпелер, «Сайран» және «Мәскеу» станцияларының қосалқы құрылыстары, №121 вентиляциялық ствол құрылысы жүруде.

Алматы метросы екінші кезегінің ұзындығы 2,74 км болатын (екі жолдық) бірінші ашылу кешенінің құрылысы да қарқын алған. ОлГагарин көшесінен басталып, Абай даңғылына еніп, батыс бағытында Алтынсарин даңғылына дейін барады.


Back to the list