• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Жезқазған - Сексеуіл» темір жолының іске қосу кешені 25 тамызда пайдалануға беріледі - әкімдік 12.08.2014

Тармақтың бойында 12 көпір тұрғызылды. Қызметтік және әкімшілік-тұрмыстық ғимараттардың құрылысы жүргізілуде. Жақын арада бекеттер мен станцияларды техникалық қамтамасыз ету толығымен аяқталады.

Мұнда төрт жарым мың жұмыс орны ашылды. Қазіргі таңда құрылысшылар вахтолық әдіспен тоқтамай жүмыс істеуде - 30 күн жүмыс және сонша күн демалыс. Рельстік шпал торларын, стрелкалық бұрылыстарды орнату 100% аяқталды.

«Сексеуілге дейінгі желі екі іске қосу кешеніне бөлінді. Олардың алғашқысы 25 тамызда дайын болады. Уақытша пайдалануға берілген желі барлық пойыздар түрлерінің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Үздіксіз қызмет көрсету үшн ірі станцияларда матчталар орналастырылды», - делінген хабарламада.


Back to the list