03.08.2014
«Шымкентте 52 ауланы абаттандыру және 24 балаларға арналған ойын алаңының құрылысы үшін 339 млн теңге бөлінді», – делінген хабарламада.
Облыс әкімінің орынбасары Бақыт Мелдебековтың айтуынша, барлық жұмыстар тамыз айында аяқталады.
Бұдан басқа, облыс орталығының барлық парктері мен саяжайларында 6 жаттығу алаңдарын жасақтау көзделуде. Ал, «Отырар», «Нұрсат» шағын аудандарында – қоқысқа арналған 26 контейнер алаңы орнатылады.