01.08.2014
«Биылғы жылы жаңа темір жолдар - Жезқазган-Бейнеу, ұзындығы 988 км және Арқалық-Шұбаркөл, ұзындығы 214 км ашылады. Барлық жаңа темір жол тораптарының жалпы ұзындығы 2,5 мың шақырымды құрайды», - деді А.Мәмин.
Ұлттық компания басшысы атап өткендей, Қазақстанның тәуелсіздік жылдары темір жол көлігі отандық өнімнің халықаралық нарықтарға шығуын қамтамасыз етуде, ел экономикасының қалыптасуында және әлеуметтік тұрақтылықта басты рөл атқарды.