23.07.2014
Алматы-Талдықорған автожолының жалпы ұзақтығы 245 км. Қазіргі уақытта жұмыстар жолдың өн бойында жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына 9 мердігер аомпания тартылғанын атап өткен жөн. Жыл аяғына дейін10 км жолды пайдалануға беру жоспарлануда.
«Автожол бойындағы жұмыстармен ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев танысып өтті. Сапар барысында ол кеңес өткізді. Вице-министр мердігерлік ұйымдар басшыларына жұмыс қарқынын арттыру, сонымен бірге учаскенің өн бойында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді», - делінген хабарламада.
Қайта салу жұмыстары аяқталғаннан кейін 2016 жылы «Алматы-Талдықорған» жолы төрт жолақ етіліп кеңейтіледі де І техникалық категорияға жатқызылатын болады.