22.07.2014
Бүгінгі күні учаскеде көлік тораптарынан түсу және негізгі жолдарында бөгеме қоршаулар орнатылуда. Фундаменттер, бермалар (жол белгілерінің орындары) және жол белгілері жұмыс құжаттамасына сәйкес орнатылуда. Көпірлер мен жол өтпелердің аяқталуы 95 пайызға жетті. 4 көпірдің асфальт-бетон жамылғысы төселіп, 5 көпір асфальт-бетон жамылғысы төсеуге тапсырылды. 3 көпірдің жол төсемін гидрооқшаулау жөнінде жұмыстарын жүргізілуде. Аталған учаскенің барлық 12 көпірлеріндегі бөктерлері бекіту жұмыстары атқарылуда.
Сонымен қатар, су өткізетін құбырлар мен арналарды бекіткен тұстарында бекіністерді нығайту жасалуда. Демалыс алаңдарының цемент-бетон жамылғылары салынып, эстакадаларды бетондауға арналған қорама қалыптары орнатылды. Материалды әзірлеу бекітілген кесте бойынша толықтай жүргізілуде.
Учаскедегі жұмыстарға 217 жол-құрылыс техникасы мен құралдар, онын ішінде 2 Vogele SUPER 1900-2 асфальт төсеуіштері, 1 Vogele SUPER 2100-2 асфальт төсеуіші жұмылдыралғанын атап өткен жөн.
SUPER сериялы асфальт төсеуіштері қолайлы өлшемдерімен, сағатына 900-1100 тонна төсейтін жоғары өнімділігімен және ұтқырлығымен ерекшеленеді. Осының барлығы аталған машиналардың үнемділігі мен сенімділігіне көз жеткізеді.
«Қордай асуының айналма жолы» 162-260 шақырым аралығындағы учаскесі ІІ техникалық категориялық етіп, жол үйіндісі мен жасанды құрылғыларды 4 жолақты І техникалық категориялық жолға лайықтап іске асырылуда екендігін атап өткен жөн. Құрылыс жұмыстарын 946 адам жұмылдырылған.
Сонымен қатар, машиналар ағыны мен апаттылықтың күрт өсуіне байланысты учаскені І категорияға дейін жетілдіру жұмыстарын бастау қажет. Осыған байланысты, Көлік және коммуникация министрлігінде жолды 4 жолақты І техникалық категорияға көшіру мәселесі қарастырылуда. Ол үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталды.