20.07.2014
Қазіргі уақытта елордада келесі учаскелерде жаңа жолдар салынып жатыр: Бейсекова к-сі Қорғалжын тас жолынан Тілендиев даңғылына дейін, 2-ші Алматы к-сі Тілендиев даңғылынан Бейсекова к-сіне дейін; Күйші Дина к-сі Тоқпанов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін; Жұмабаев к-сі №14 көшеден №41а көшесіне дейін; Жұмабаев к-сі №14 көшеден №41а көшесіне дейін; Баянтау к-сі №14 көшеден №41а көшесіне дейін; №14 көше Қордай көшесінен Төлебаев көшесіне дейін; Рысқұлбеков к-сі Абылай хан даңғылынан Махтұмқұли көшесіне дейін; Күйші Дина к-сі Жұмабаев көшесінен Абылай хан даңғылына дейін.
Сонымен қатар, келесі жол учаскелерінде жол жабынын қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр: Әуезов көшесінде Иманов көшесінен Молдағұлова көшесіне дейін, Тархан көшесі Жұбанов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін. Балқантау көшесінде Жұмабаев көшесінен Төлебаев көшесіне дейін, сондай-ақ Республика даңғылында Сейфуллин көшесінен Гёте көшесіне дейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде аталған учаскелерде нөсерлік, тұрмыстық канализация жасалып, электр кабельдері тартылуда, жер жұмыстары, асфальт төсеу, қозғалыс бөлігін абаттандыру жұмыстары қолға алынған.
Шетелдік Bureau Veritas компаниясы жоғарыда аталған жолдар құрылысының барысын өзінің бақылауына алды. Жол жабынын төсеу мен материалдар шығару да осы компанияның назарында.