• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Электропоездарды енгізгеннен кейін көктемгі-жазғы кезеңде жолаушылар ағымы 44% артты 15.07.2014

«Заманауи электр поезын енгізу мен жүру уақыттарының жиілеуінен жолаушылардың да ағымы артты. Атап айтар болсақ, 24 шілдеде Астана-Бурабай демалыс орны бағытында жаңа электр плезы шығарылды. Жыл басынан бері Астана-Қарағанды, Астана-Көкшетау, Астана-Бурабай демалыс орны, Астана-Павлодар бағытына 5 жаңа құрам шықты», - делінген хабарламада.

Жаңа құрамды сатып алу күнделікті шығатын «Астана-Бурабай демалыс орны» бағытындағы жүру жиелігін күніне екі рет қатынауға, ал Астана-Қарағанды бағытындағы электр поезын күніне үш рет қатынауға дейін мүмкіндік ашты.

2 шілдеден бастап кестеде Астана-Шымкент жаңа жүрдек поезы ашылды. Оның вагондары «Тұлпар-Тальго» зауытынан алынған. Шілде айнда жолай 28 рейс жасалып, 8 053 жолаушы тасымалданған.

3 шілдде Астанаға Твер вагон құрастыру зауытынан 24 жаңа вагон әкелінді. Вагондарыдң алтауы Маңғышлақ-Бейнеу бағытындағы поезға, 18 вагоны Астана-Мәскеу халықаралық поезына беріледі.

Қазіргі таңда 1 тамыздан бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған Алматы-Ақтөбе бағытындағы жүрдек поезын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. 


Back to the list