• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Маңғыстау облысында «Орталық – Батыс» жобасын  жүзеге асыру бойынша кеңес өтті 09.07.2014

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінен хабарлағандай, қазіргі кезде «Ақтау – Бейнеу» автожолының 10 учаскесі бойында 4 мердігерлік ұйым жұмыс жүргізуде. Бұл жалпы ұзақтығы 470 километр, оның 370 километрдегі жұмыстарды Азия Даму Банкі (АДБ) есебінен қаржыландырылуда. Қалған 100 километрдің құрылысы республикалық бюджет есебінен атқарылуда.

2012 жылы «Алсим Аларко» (Түркия) компаниясы ұзақтығы 200 километр учаскеде құрылыс жұмыстарын бастады. 2013 жылы 100 км бойында қозғалыс ашылды. Биыл 200 км учаскесіндегі құрылыс жұмыстарын толықтай аяқтау жоспарлануда.

Жолдың қалған 170 км учаске бойынша мердігерлік компания ретінде «Дженгиз Иншаат» (Түркия) белгіленді. Бүгінгі күні келісім-шарт жасалып, биылғы тамыз айында құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Құрылысты 2016 жылы толықтай аяқтау жоспарлануда. 


Back to the list