09.07.2014
Жезқазған – Бейнеу жобасын салу жүктердің Орталық өңірлер мен Достық станциясынан Қазақстанның Батыс өңірлеріне және одан әрі Еуропаға тіке шығуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте, тасымалдау арақашықтығы қолданыстағы Достық станциясынан Ақтау портына дейінгі маршрутымен салыстырғанда 1200 км қысқарады, деп ККМ хабарлады.
Өз кезегінде, Арқалық – Шұбаркөл учаскелерін салу орта есеппен 540 км жаңа желіге бағыт болған жүк тасымалы қашықтығын қысқартумен айтулы көлік шығындарын азайту есебінен өңірдің өндіріс саласының тиімді жұмыс жасауына оң нәтиже береді.
Қазіргі уақытта барлық учаскелерде станциялық жолдарды төсеу және жолдарды балластау, талшықты-оптикалық байланыс желісін өткізу және іске қосылған электр жабдықтау объектілерін, ғимараттарды және құрылыстарды салу жұмыстары жүзеге асырылуда, оған 1760 адам және 1110 техника жұмылдырылған.
Ағымдағы жылғы желтоқсанда жоғарыда айтылған теміржол желілерінде жұмыстық қозғалысты ашу жоспарланған.
2015-2016 жалдарға жоспарланып отырған объектілерді пайдалануға енгізгенде, 5000-ға жуық адам жұмыспен қамтылатын болады.
«Көрсетілген желілерді пайдалануға беру республиканың орталық және батыс өңірлерінің дамуына айтарлықтай серпіліс береді, көлік шығындарының төмендеу есебінен өңірлердің өндіріс саласындағы жұмыс істеу тиімділігіне оң әсерін тигізеді. Бұдан басқа, тұрғын үйлер, мектептер және бала-бақшаларды салу арқылы көптеген әлеуметті мәселелер шешілетін болады», делінген хабарламада.