• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда жаңа  автопарк пайдалануға берілді 04.07.2014

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы әкімі Ахметжан Есімов машиналарға техникалық қызмет көрсететін өндіріс корпусын, газды автоматты түрде нығыздайтын компрессорлық станцияны және инфрақұрылымның басқа да нысандарын аралап көрді.

Мегаполис басшысы муниципалды автобус паркін құру жобасы өзін толықтай ақтады деді.

«Алматылықтар жолаушылар көлігі саласындағы оң өзгерістерді қазірдің өзінде сезіне бастады. Муниципалды автопарк жолаушыларға сапалы қызмет көрсетумен қатар қала экологиясын жасқартты және жолаушы тасымалының жоғарғы стандартына қол жеткізді, жеке тасмалдаушыларға бәсекелестік тудырды», - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы Европаның қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) несие келісімі арқылы алынған автобустардың алғашқы партиясының тұсаукесер рәсіміне қатысты. «Ютонг» фирмасының қазіргі заманғы тығыздалған газбен жүретін автобустарын ұтымды вариант ретінде ЕҚҚДБ-і ұсынған еді. Жақын күндері КАП-2-де мұндай автобустар саны 200 бірлікке жетпек. Осылайша, қалада экологи ялық таза автобус тар қатары 600 бірлікке дейін өспек. 


Back to the list