25.06.2014
Ағымдағы жылғы 1 маусымға дейін қазақстандық тасымалдаушыларға белгіленген 500 ЕВРО-0 категориялы 310 әмбебап рұқсат қағаздар берілді. Ал үшінші елдерге және елдерден тасымалдауға белгіленген 500 рұқсат қағаздардың 253 берілгенін атап өткен жөн, деп көлік және коммуникация министрлігінде хабарлады.
Сөйтіп, қазақстандық тасымалдаушыларға қосымша германиялық рұқсат қағаздар қажеттілігі туып отыр. Аталған жағдайды ескере отырып, Қазақстанның бастамасымен тараптар ЕВРО-0 стандартына сәйкес келетін көлік құралдары үшін 200 әмбебап рұқсат қағаз мен және 200 үшінші елдерге және елдерден тасымалдауға рұқсат қағаз көлемінде 2014 жылға арналған қосымша квота беру мүмкінлігін қарауға уәделесті.
Сонымен қатар, тараптар екі ел аумақтарында халықаралық автомобильмен тасымалдау барысында тасымалдаушылар тап болатын қиындықтарды талқылап, тасымалданатын жүк көлемін арттыру мақсатында оларды шешу жолдарын белгіледі.
Германия мен Қазақстан арасында экспорт-импорт бағытында автомобиль көлігімен тасымалданатын жүк көлемі темір жол көлігімен тасымалданатымен салыстырғанда үш есе көп екенін атап өту қажет.