• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада 19 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіледі 19.06.2014

Қазіргі уақытта барлық көппәтерлі тұрғын үйлерде жөндеу жұмыстары басталып кетті. Жөндеу жұмыстары 2014 жылдың 31 тамызына дейін аяқталады деп күтілуде.

Қазіргі таңда нысандардың шатыр, жертөле, кіре беріс, сыртқы қасбеттеріне жөндеу жұмыстары атқарылуда. Барлық үйлерде автоматтандырылған жылу нүктесін орнату қарастырылған.

Қайтарылатын қаржыға Пригородный тұрғын үй алабында орналасқан 2 тұрғын үйдің шатырына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шатырға жөндеу жүргізу мерзімі 2 ай уақытты алады.

«Тұрғын үй инспекцисы басқармасы «Өркен қала» ЖШС бірлесе Бағдарламаны жүзеге асыру аясында кондоминимум нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы тұрғындар мен басқарма органдарына түсіндіру жұмыстарын белсенді өткізуде», -делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2011-2020 ж.ж. арналған ҚР Тұрғынүй- коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы коммуналды инфрақұрылымды жаңғыртуға шаралар қабылдау мен жасау, түрғын үй қатынастарының тиімді үлгісін құру, тұрғындарға көрсетілетін тұрғын үй коммуналдық қызметтерінің сапасын арттыру, сонымен бірге қаржыландырудың арнайы тетіктердің құру арқылы кондоминимум нысандарының терможаңғыртуды қосқанда ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуді қамтамасыз етеді.


Back to the list