18.06.2014
Жоба қазақстандықтардың автокөліктерден гөрі экологиялық таза көліктерді көбірек қолдануына жол ашады.
«Қанатқақты жоба биылдан бастап іске асырыла басталмақ. Жоспар бойынша шілденің бірінші жұлдызынан бастап сол жағалаудың орталық жерлерін қамтып, 2015 жылы сол жағалауды толықтай және оң жағалауды қамтитын боламыз. Ал 2016-2017 жылдары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағын қолға аламыз», - дейді «СК-Астана» корпоративті қордың бас директоры Ерлан Дәрімов.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, жобаның іске асырылуы 3 кезең бойынша өткізіледі. Бірінші кезеңде бағдарламалық қамтамасыз ету, 200 велосипед сатып алу мен 40 парк салу жұмыстары жүргізіледі. Аталмыш аумақ 13,5 шаршы метрді құрайды.
Келесі кезеңде паркті 100 тұрақ пен 100 шайтанарбаға дейін көбейту жоспарланған. Бұл өз кезегінде Есілдің сол жағалауын да қамтиды. Үшінші кезең ЭКСПО-2017 көрмесі аумағында жүргізіледі.