• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Сочи Астана және Алматымен тікелей әуе байланысын құруға  мүдделі 18.06.2014

Саммит аясында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің  Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Әсет Мұсаалиев Краснодар өңірінің демалыс орны және туризм министрі Евгений Кудельмен жұмыс кездесуін өткізді.

Тараптар туризм саласындағы екі жақты пайдалы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті. Ресей Федерациясының аумағындағы Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосібір, Сочиде Қазақстан Республикасының туристік-ақпараттық орталығын ашу мүмкіндіктері айтылды.

Ресей тарабы Астана-Сочи (Краснодар, Анала, Геленджик); Алматы-Сочи (Краснодар, Анала, Геленджик) бағыттары бойынша тікелей әуе байланысын құруға қызығушылық танытты.

Сонымен қатар, қос тарап бірлесе отырып семинарлар, көрмелер, ақпараттық турлар ұйымдастыратын болып келісті. Аталмыш шаралар демалыс орындарында, балалар және жағажай орындарында сауықтыру мүмкіндіктерін арттырып, белсенді және оқиғалы туризмнің артықшылығын көрсетпек. 


Back to the list