• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Көлік және коммуникация министрлігі әлеуметтік маңызы бар 8 әуе бағытын субсидиялайды 17.06.2014

«Қазақстанда әуе бағыттарын субсидиялау тәжірибесі қалыптасқан. Оның аясында қазіргі таңда 1,3 млрд теңгеге 8 әуе бағыты субсидиялануда. Субсидиялау көлемі соңғы үш жылда өзгеріссіз келе жатыр. Алайда әкімдер мен депутаттардың ұсыныстарын ескеріп 7 млрд теңгелік бюджеттік комиссияны қарауға ұсынамыз. Бюджетті қолдау жағдайында біз осы қаражат есебінен әлеуметтік мұқтаж рейстерді төмендетер едік», - дейді министр.

Субсидиялау бағдарламасының басты міндеттемесі – республика өңірлерімен елорданы байланыстыру. Атап айтар болсақ, олар Астана- Петропавл, Астана-Жезқазған мен өзге де бағыттар.

Сонымен қатар, оның айтуынша, осы аптадан бастап Астана-Павлодар жолын жөндеуді ескере отырып Астана-Павлодар әуе бағытын субсидиялау басталады. Билет құны 18 мың теңге болмақ. Екі аптадан кейін Көкшетау-Ақтау бағыты субсидияланбақ.

«Біздің пікірімізше, алдағы төмендету әлеуеті бірінші кезекте әуе керосиніне байланысты. Өйткені бюджет есебінен біз ең көп әлеуметтік маңызы бар 20 бағытты ғана субсидиялай аламыз», - дейді.

Субсидиялау бағдарламасының ақырғы мақсаты әуе тасымалы жолаушыларының санын арттыру. 

Камила Амирова 


Back to the list