18.06.2014
Жобаның бірінші кезегі жоспарға сәйкес 4 кешенге бөлінген. Қазіргі таңда мердігер құрылыс-сметалық жұмыстарды аяқтады. Одан әрі қосалқы құралдардың құрылысы жүруде, деп Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, 2-ші шығару кешенінің жұмыстары аяқталды: ағынды сулар жүйесін қайта жаңғыртады, құбыр желілерін монтаждау, технологиялық нысандардың құрылғыларын жаңарту.
3-ші кешен өз жұмысын 2014 жылдың тамыз айында бастап, 2016 жылдың желтоқсанына дейін аяқталады. Аталмыш кешен «Талдыкөл» жинақтаушы жұмысынан бастайды.
4-ші кезең суды тазартатын блоктың құрылысын жүргізу. Суды тазартылған таза, сапалы деңгейге жеткізу қажет.
Құрылыстың екінші кезеңі тәулігіне 118 мың м3 тазарту құрылғысының құрылысын жүргізеді.
Қазіргі таңда жоба мемлекеттік сараптамадан өтті. Бірінші кезекте цехтің жұмыстары басталды.