• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ж. Қасымбек: 2015 жылға дейін азаматтық авиация туралы заңды жасақтау жоспарлануда 17.06.2014

«Қазақстанда 2015 жылға дейін азаматтық авиация туралы заңды жасақтау жоспарлануда. Азаматтық авиацияның дамуында ішкі нарықта жұмыс істейтін қазақстандық әуекомпанияларды тигізер пайдасы да зор. Алдын ала болжам бойынша аталмыш заң 2015 жылдың 3-4 тоқсанда жұмыс істей бастайды», - деді Ж. Қасымбек.

Сонымен қатар, министр ұшу-қону алаңдарын, инфрақұрылымдарды дамыту маңызды мәселелердің бірі екенін тілге тиек етті.

«ҚР-да жұмыс жасайтын  18 республикалық және облыстық маңызы бар әуежайлардың 13-інде  ұшу-қону алаңдарында (ҰҚА) реконструкция өткізілді. Бұған қоса, биылғы жылы осындай жұмыстар Орал және Петропавл әуежайларында жүргізу жоспарлануда. Ал 2017 жылдың аяғына дейін қалған 3 әуежай, яғни Семей, Қостанай және Өскеменде реконструкция жұмыстары жүргізіледі» - деді Ж. Қасымбек.

Сонымен бірге, Қазақстанда ұшқыштарды даярлау мақсатында БжҒМ ағымдағы жылы 8 оқыту ұшақтарын сатып алуы қарастырылды, ал 2017 жылға дейін тренажерлік кешен мен ұшу аэродромын салу көзделген.

«Бұдан тыс, 2013 жылы  аталған Академияның базасында ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі Орта Азиядағы жалғыз субрегионалдық оқыту орталығы құрылды, бүкіл сала бойынша мамандар біліктілігін жетілдіру жөніндегі салалық орталық құру бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде», - деді министр.

Мадина Нұрбекова  


Back to the list