• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен Катардың  авиация басшылары ынтымақтастық мәселелерін талқылады 16.06.2014

Қазақстаннан Катар қаласына әуе тасымалы және керісінше режимдегі әуе қозғалысын жүзеге асыру келісіміне 1999 жылдың 25 наурызында қол қойылды. Құжатқа сәйкес тараптар аптасына 7-ден кем емес рейс жүргізе алады. Ол екі елдің келісімі арқылы жүзеге асады. Бұл орайда Катар тарпынан әуе тасымалдаушысы Qatar Airways болса, қазақстандық жақтан  «Эйр Астана» болып есептеледі, деп ККМ баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында қазақстандық тарап әуе тасымалы туралы келісімді қайта қарап шығуды ұсынды.

Ол үшін екі жақтың авиация өкілдері әуе тасымалдаушыларға келіссөздер өткізіп, жақын арада бір шешімге келу керектігін атап өтті.

Доха қаласының халықаралық әуежайы 23 аймақтық және халықаралық әуекомпанияларының рейсіне қызмет көрсетіп, Qatar Airways компаниясының базалық әуежайы  болып саналады. Ол әлемнің 69 елінің 100 бағыт бойынша ұшуын қамтамасыз етеді. 


Back to the list