• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәжіліс пошта байланысы қызметін реттеу туралы заң жобасын мақұлдады 11.06.2014

Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің қорытындысына сәйкес, қазіргі таңда қабылданған халықаралық міндеттемелерді орындаудың қажеттілігі туындаған. Осыған байланысты заң жобасының міндеті пошта байланысы көрсететін қызметтер нарығындағы қызметтерді ұйымдастырудың жаңа моделін енгізу болып табылады, ол мынадай жаңалықтарға негізделеді: тағайындалған оператор институтын және «пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері» ұғымын енгізу; тағайындалған операторға пошта байланысының әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі міндеттемелерді бекітіп беру. 

 «Заң жобасы Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында елдің транзиттік әлеуетін, логистикалық қызметтер көрсетуді және халықаралық сауданы дамыту бойынша атап көрсеткен стратегиялық міндеттерге қол жеткізу және орындау қажеттілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта байланысы саласындағы заңнамасын халықаралық заңнамаға, атап айтқанда Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес келтіру негізінде әзірленген», - делінген хабарламада.

Заң жобасында 4 заңнамалық актіге, оның ішінде «Пошта туралы», «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы», «Байланыс туралы» және «Автомобиль көлігі туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр. 

«Заң жобасын қабылдау пошта байланысының қызметін жетілдіруге, пайдаланушылардың құқықтарын қорғауды арттыруға, пошта қызметінде туындайтын халықаралық прецеденттердің алдын-алуға, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға, халықаралық пошта жөнелтілімдерінің еркін транзитін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Камила Амирова 


Back to the list