11.05.2014
Астана қаласы әкімдігінің ресми порталы хабарлағандай, жаңа электропойыздар әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Барлық конструкциялық шешімдер тапсырыс беруші - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ талаптары мен тілегіне орай орындалған, өнеркәсіптік эстетика мен әрлеудегі соңғы үрдістер ескерілген. Электропойыздарды пайдалану мерзімі - 28 жыл.
«Сарыарқа» пойызы Қарағанды стансасына күн сайын 2 рет - Астанадан 10.45-те шығып, Қарағандыға 13.55-те, ал екінші рейс Астанадан 19.35-те шығып, Қарағандыға 22.45-те келеді.
Айта кетейік, пойыз құрамында бірінші класты 3 вагон, екінші класты 3 вагон, үшінші класты 2 вагон бар. Жаңа құрамдарда жолаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, жұмсақ эргономикалық орындықтар, ауа баптау жүйесі (жылыту және салқындату бөлек басқарылады), герметикалық вагонаралық өтпелер, салондар мен тамбурларда бейнебақылау, Wi-Fi, пойыздың параметрлері туралы қазақ және орыс тілдерінде жазылған «Жүгіртпе жол» ақпараттық таблосы және басқалары бар.