17.04.2014
Жыл бойы қайта жөндеу және күрделі мен орташа жөндеу жұмыстарын республикалық маңызды 357 км автожолға жөндеу жүргізу жоспарланған. Олардың ішінде «Таскескен-Бақыт», «Омбы-Майқапшагай», «Өскемен -Семей», «Алматы-Өскемен», «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз», «Өскемен-Шемонаиха- РФ шекарасы», «Семей- РФ шекарасы», «Омбы-Майқапшағай-Қалжир-Теректі», «Семей-Қайнар» жолдары бар.
Ал, жергілікті маңыздағы жолдарды жөндеуде басымды қарқынды қозғалыс бар жолдарға беріледі, деп ШҚО Ақпараттық орталығынан хабарлады.
«Айта кетерлік жайт, басқарма мен пайдаланатын ұйым жөнделіп қойған және кепілдік мерзімдегі жолдарда кемшіліктерді анықтады. Жолдар-құрылысы маусымы басталған кезде анықталған қателіктер жөнге келтіріледі. 2014 жылы әл осындай қателіктерді болдырмас үшін нысандарды пайдалануға беру жеке учаскілер бойынша жүргізіледі. Осы жағдайда ғана жөндеу жұмыстарының нәтижелері жақсы көрінеді, сонымен қатар шағымдарда аз болады», - деп Н. Нұрсағатов хабарлады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 2 көпірдің күрделі жөндеу жұмыстары басталады.
Бұдан басқа, биыл 2 нысанды пайдалануға беру көзделуде. Олар Қатон-Қарағай ауданындағы Аршат ауылының жанындағы Бұқтарма өзені арқылы өтетін көпір мен «Қозы Көрпеш - Баян сұлудың құрметіне Тансық станциясы» автожолы.