• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2014 жылы Алматыда 21 км  жылу трассасы қайта құрылатын болады 17.04.2014

Қала әкімі өткен жылу маусымына қанағаттанарлық деген баға берді. Алматыда былтырғы қыстың ұзақ және аязды болуы алдағы қысқы маусымға жауапты дайындалу керектігін көрсетті.

«Өткен жылдың жазында біз 20 км. жылу трассасын жаңарттық Бұл учаскелерде ешқандай апатты оқиға болған жоқ. Соныдықтан алдағы уақытта да энергияжинақтайтын технология мен материалдарды пайдалана отырып, энергокешенді модернизациялау қарқынын атттырған жөн», - деді Ахметжан Есімов.

Биыл Алматы да 21 км. жылу трассасы жаңартылады, деп Алматы қаласының ресми порталы хабарлады.

Жалпы, 2008-2013 жылдар аралығында 97 километр жылу жүйесі жаңартылды. Өткен жылғы жылу маусымында шығын 18% болды, ал 2012-2013 бұл көрсеткіш 21% болатын.

Аудандық әкімдіктер мен «АлТС» ЖШС тарапынан қолданылған шараларға қарамастан 24 ЖПИК басшылары өз міндеттеріне салғырт қарап, пәтерлерге жылуды дер кезінде бермеді.

Сөзінің соңында Алматы әкімі энегриякешен, денсаулық сақтау, білім салалары обьектілерін 2014-2015 жылғы жылу маусымына барынша тыңғылықты даындау жөнінде тапсырма берді.

 


Back to the list