• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада 7 жүрдек  автобус пайда болады 09.04.2014

Астана  қаласының әкімдігінде хабарлағандай, ол үшін жаңа маршруттық жүйе енгізу керек. «Typsa» еуропалық компаниясының жобасы сынамалы түрде жүзеге асырылады.

Бүгінде Астана тұрғындары мен қала қонақтарын қоғамдық көлікпен тасымалдайтын 8 компания бар. 1 коммуналдық парк және қалған 7-і жеке меншік.

Алғашқы парктің құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айында қолға алынып, тамыз айында қолданысқа беріледі. Екінші автопарк үстіміздегі жылдың екінші жартысында басталып, 2015 жылдың сәуір айында тапсырылады.

Олар бірлесіп 50 маршруттың жұмысына жауапты. Автопарктер 890 автобусты қамтыса, күн сайын олардың 734-і жолға шығады. Соның өзінде ол аздық етеді. Әлі де 180 автобус жетіспейді. «Typsa» компаниясы ұсынатын жоба 2016 жылға дейін жүзеге асырылады.

Жолаушы тасмалдайтын көлік қатынайтын жолдар келесі бағыттарда жаңартылмақ: кептелісі мол қиын жолдардың мәселелері азаяды, шағын айналмалы жол құрылысы басталады, ескі көшелер абаттандырылады, жөндеу жұмыстары жалғасады.

 


Back to the list