16.11.2017
«8,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,5%-ға артық. Бағдарламаның жылдық жоспарына орай тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 87%-ға орындалды. Барлығы 69,9 мың баспана салынды»,-деп атап өтті Мархабат Жайымбетов.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүектегі жағдайы бойынша әкімдіктерде тұрғын үй алуға кезекте тұрған адамдардың саны 458,4 адамды құрады.
Кезекте тұрған адамдардың баспанаға мұқтаждылардың ең көп үлесі Оңтүстік Қазақстан облысында (11,8%), Астана қаласында (10,3%), сондай-ақ Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында (8,3%-6,8%) байқалады.
Соған сәйкес, тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша алдыңғы қатарда Астана, Алматы қалалары мен Маңғыстау, Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстары орналасып тұр.
Есбол Социалхан