• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астананың 20 жылдығына арналған ең үздік логотиптің авторы 8 млн теңгеге ие болады 07.11.2017

Үздік логотипті сараптама комиссиясы 10 желтоқсанға дейін шығармашылық шеберханалар, жарнама агенттіктері мен фирмалар, суретшілер, сәулетшілер, жобалық ұйымдар, авторлық ұжымдардан түсетін жұмыстардың ішінен таңдап алмақ.

Аталмыш логотип Астананың 20 жылдығына арналған барлық іс-шараларда қолданылып, қала көшелерінде жарқырап, сувенир ретінде де пайдаланылатын болады.

«Конкурсты не үшін жарияладық дейсіз ғой?! Әр мерекенің, мерейтойдың өзіндік идеологиялық платформасы, өзіндік мәні болады. Республикалық, халықаралық деңгейдегі әр шараның таңбасы, ұраны болады. Ал ел тарихындағы Астананың орны ерекше. 20 жылдық оқиғаның тарихи маңыздылығын ескере отырып, осы оқиғаға арнап брендбукты таңдауға бағытталған конкурс жарияладық. Мерейтойлық стильдегі таңба қаланы әшекейлеу бұйымы ретінде, сувенир ретінде, Астана қаласының 20 жылдығын атап өту, ақпараттық себепті қалыптастыруға бағытталған жарнамалық, маркетингтік және басқа да шараларда әрі қаланың мәдени, туристік және әлеуметтік потенциалын жақсарту мақсатында да пайдаланылады», – деп хабарлады қала әкімдігі.

Айта кетейік, конкурс қорытындысы бойынша үздік деп танылған брендбук авторы 8 млн теңгеге ие болады.

 


Back to the list