• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елордада тіркелген кондоминиумдардың саны 95%-ға жетті 18.10.2017

Қалалық тұрғын үй инспекциясы басқармасы елорданың көппәтерлі тұрғын үйлерінің басқарылуын  және олардың жағдайын инспекциялау мен бақылау шараларын белсенді түрде жүргізуде.

Жалпы, кондоминиумның тіркелуі пәтер иелеріне өздерінің ортақ мүлкін толық түрде пайдалану, өз үйін басқарудың кез келген формасын таңдау құқығын береді.

Мұнымен қоса, «109» диспетчерлік қызметі тұрғындардың қызмет көрсету және басқарушы компаниялар мен ПИК-нің ескертулері бойынша өтініштері мен шағымдарын қабылдайды.

«Жабындыларды, подъездерді, лифтерді, қасбеттерді күрделі жөндеуден өткізу, қомақты қаржыны талап ететін жабдықтарды, сорғыштарды, жылу алмастырғыштарды ауыстыру шаралары қазіргі таңда ай сайын төленіп жатқан төлемдердің есебінен жүргізілуі тиіс немесе жергілікті билік аталмыш мақсаттарға қаржы бөліп, қызмет көрсетуші ұйымды ауыстыруы қажет», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, орын (пәтер) иелері кондоминиум нысаны болып табылатын ортақ мүлкін күрделі жөндеу жұмыстарына кететін қаражатты жинау үшін кондоминиум нысанын басқарушы органның жинақ есебіне орын (пәтер) иелерінің жиналыстарында анықталған көлемде ай сайын жарна төлеп отыруы керек.

Естеріңізге салайық, қалада 2513 көппәтерлі үй бар. Оларға 431 ПИК мен қызмет көрсетуші ұйымдар қызмет көрсетеді. 


Back to the list