16.10.2017
Хабарламаға сәйкес, жол үш тәулікті алады. Түнейтін жер мен тұрақтайтын алаңқайлар қарастырылған.
Атап өтер болсақ, бүгінде бүкіл әлемде жаяу туризм дамуда. Ол атпен жүру арқылы жергілікті табиғаттың әсемдігін көзбен көріп тамашалауға, бағалауға мүмкіндік береді. Осындай әсем жерлердің бірі - Бурабай.
«Заманауи туристке жаяу жүру қызықтырақ, сондықтан да елорданың ішінде де жаяу жүріп серуендеуге жағдай жасалғанын байқауға болады», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Астанада 2017 жылдың соңына дейін тағы 11 сквер мен жаяу жүргіншілер жолдары пайдалануға беріледі.
Жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде және жаңа туризм маусымына дейін аяқталады.