• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жыл соңына дейін Астанада 5 шағын гүл бағы мен бір саябақтың құрылысы аяқталады 09.10.2017

Шағын гүл бақтары Астананың Біржан сал, Желтоқсан, Суворов, Тәуелсіздік, Қошқарбаев көшелерінің бойында жайғаспақ. Мұнымен қоса, жыл аяғына дейін Сейфуллин көшесіндегі гүл бағы қайта жөндеуден өтеді.

Әкімдіктің табиғи ресурстарды және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында белгілі болғандай, биыл сондай-ақ, «Көктал» шағын ауданындағы саябақтың құрылысы бастау алған. Жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталмақ.

«Биыл Көктал ауданында саябақтың құрылысы басталды. 2017 жылы іске асатын жұмыстарға 683 млн теңге қарастырылып отыр. Жобаның жалпы құны 3 млрд 386 млн теңгені құрайды. Саябақ 2018 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр», - деп хабарлады әкімдік.

Мұнымен қоса, бас маманның мәліметінше, 2018 жылы Астана қаласындағы апатты жағдайда тұрған үйлердің орнында желекжолдар мен гүл бақтары салынатын болады. Қазіргі таңда аталмыш нысандардың құрылысына бөлінетін қаражат көлемі бюджет нақтыланғаннан кейін анықталмақ.


Back to the list