04.10.2017
Сондай-ақ, 3698 пәтер 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында берілді. Елордадағы баспанаға мемлекеттік қызметкерлер, жас отбасылар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ салымшылары ие болды.
Елордалық тұрғын үй басқармасының мәліметінше, 2011-2016 жылдар аралығында елордада 11 113 пәтер берілді.
«Оның ішінде 1867 пәтер – коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінді. ҚР «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңының баптарына сәйкес, баспана әлеуметтік жағдайы төмен тұрғын үйге мұқтаж тізімде тұрған тұлғаларға, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйым жұмысшыларына, әскерилерге, азаматтарға, баспаналары апаттық жағдайда тұрғандарға беріледі», - делінген хабарламада.