02.10.2017
Бекмырза Игенбердиновтың айтуынша, бүгінгі таңда қалада 450 мың автомобиль бар. Қоғамдық көлікке келетін болсақ, бүгінде қала бойынша 1,5 мың автобус жүреді, олар тәулігіне 400-450 мың адамды тасымалдайды.
«Жедел өсім мен автомибилдендірудің жоғары деңгейін ескере отырып, әкімдік жол желісіне қысымды түсіру бойынша жұмыс жасауда. Біз шаралар кешенін әзірледік, ол мақұлданды, елорданың көлік жүйесін дамыту жөнінде бағдарлама келісілді. Ол көліктік инфрақұрылым бағдарламасын қамтиды: жолдардың құрылысы, айналма, жерасты өтпе жолы, көшелердің кеңеюі», - деді Б.Игенбердинов.
Астананың жолаушылар көлігінің басқармасы қоғамдық көлікті дамыту мен жол желісіне қысымды төмендету жұмыстарымен айналысады.
«Ол үшін біз автобус қозғалысына жолақша бөлдік. ЖҚТ өзгерістер енгізіп жатырмыз. Әлемдік тәжірибені ескерсек, ұсыныстардың бірі бағдаршамның қызыл түсіне оң жаққа қарай қозғалу. Біз қазір қоғам тарыпының көзқарасын бақылаудамыз. Жүк көлігін шектеуді қарастырып жатырмыз. ЭКСПО кезінде біз күндізгі уақытта жүк көліктерінің қозғалысын азайттық. Бл тиімділік сыйлады. Жмысты жалғастыратын боламыз», - деді спикер.
Ақбота Күзекбай
Видео Азамата Алиева