18.09.2017
Аудиогидтерді барлығы 12 мың турист пайдаланды. Жаяу серуендеумен әуестенетіндер аудиогид көмегімен астананың қызықты және танымал орындары туралы ақпарат ала алды. Қызметті пайдалану үшін арнайы дүкенде кепіл ретінде бес мың теңге қалдырып, арнайы құрылғыны алуға болды. Экскурсия біткен соң жабдықты әкелгеннен кейін туристке кепіл қайтарылды.
ЭКСПО көрмесін өткізу уақытында қала қонақтарына аудиогидпен Жағалау – Орталық саябақ және Нұр Жол желекжолы сияқты екі маршрутты таңдау ұсынылды.
«Қаланың көрікті жерлері туралы ақпарат тарихшылар және этнографтар сияқты кәсіби мамандармен әзірленді», - деп түсіндірілген хабарламада.
ЭКСПО көрмесін өткізуге байланысты аудиогидтегі ақпаратты қазақ, ағылшын, орыс, ағылшын, қытай, неміс, түрік сияқты алты тілде тыңдау мүмкін болды.
Қазіргі уақытта астаналық аудиогидтер izi.TRAVEL ғаламдық ғаламтор платформасында қолжетімді.
«Кез келген тілек білдіруші өзінің мобильді телефонынан осы қосымшаны тегін жүктеп, Астана қаласының көрікті жерлері туралы ақпаратты тыңдай алады. Осы қызметті қалай пайдалану туралы welcometoastana.kz сайтынан, әуежай ғимараттарында, теміржол вокзалдарында, ойын сауық-сауда орталықтарында орналасқан ақпараттық киоскілерден білуге болады», - делінген ведомствоның хабарламасында.