• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астана хостелдері көрме кезінде 22 мыңға жуық қонақты қабылдады 15.09.2017

Меймандардың көпшілігі хостелдерді қолжетімді бағасы, орналасқан жері мен көрсеткен қызметіне байланысты таңдаған. Көрмеге дайындық барысында елордада 95 хостел жұмыс істеген болатын. Олар 4500 жатын орынға есептелген.

Көрмеге келген меймандарға ыңғайлы болу үшін Астана әкімдігінің брондау бөлімінің колл орталығы жұмыс істеген. Көрменің аяқталуына орай ол орталық та жұмысын тоқтатты.

«Колл орталықтың көмегімен мыңға жуық қонақ хостелдерден орынды алдын ала брондады. Енді брондау бөлімінің колл орталығы жұмысын тоқтатады. Бірақ туристер мен қонақтардың кез келген сұрақтарына жауап беруге дайынбыз», - деді «Астана конвеншн бюро» ЖШС бас менеджері Марат Әлмағанбетов.


Back to the list