• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада 50-ден астам азамат үлескерлерді қолдау орталығына барған 10.08.2017

Үлескерлерді қолдау орталығы ашылғаннан бастап 50-ден астам адам бұл мекемеге келген. Олардың барлығы жедел түрде өздерінің барлық қызықтыратын сұрақтарына жауап алған. Олар әсіресе үлескерлік құрылыс бойынша қылмыстық істерді тергеу, өтініштер мен арыздардың сотта қаралу процесстері сияқты мәселелерге қызығушылық танытуда.

Естеріңізге сала кетейік, Үлескерлерді қолдау орталығы елордада тамыз айының басынан «Сарыарқа» ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында жұмыс істейді.

Орталық адамдар түрлі мемлекеттік органдарға барып, кезекте тұрмауы үшін, өзіне қажетті ақпаратты осы мекемеде алу мақсатында құрылған. Олар сотта қарастырылып жатқан қылмыстық істердің қаралым барысы жөнінде ақпаратқа ие бола алады. Бұл орталықта медиатор-мамандар да жұмыс істейді, олар үлескерлер арасында туындаған дау-дамайды жоюға көмектеседі. Бұл жерде жер қатынастары туралы кеңес алуға болады.

Оған қоса орталыққа келген азаматтар проблемалық болып табылмайтын, Астанада салынып жатқан нысандар туралы ақпаратты біле алады.

Елордалық прокуратураның мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта Астанада 52 проблемалық нысан бар: алақол құрылысшылардың қызметінің нәтижесінде 14 мыңға жуық адам зардап шеккен. 


Back to the list