• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Салалық бағдарлама аясында т/ж станцияларында сумен жабдықтау объектілері қайта жаңартылуда 09.08.2017

Бұрын бұл станцияның тұрғындары ауыз суды көршілес елді мекеннен әкелетін.  Өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған су жабдықтау объектілері жөндеу жұмыстарын талап еткен.

 «Санитарлық күзет болмаған, су құбыры соңғы он жыл бойы пайдаланылмаған», - деп «Теміржолсу» АҚ басшысы Қ,Есімханов айтады.

Саз станциясында сумен жабдықтау жүйесін жетілдіру бойынша кең ауқымды жұмыстар «Теміржолсу-Алматы» көмегімен іске асырылды.

Жаңа 50 метрлік ұңғыма, су айдауыш мұнара мен суды тазартатын және фильтрлейтін жабдық орнатылды.

Бұл сумен жабдықтау жүйесі автоматты түрде істейді.

Айта кететін жайт, «Теміржолсу» АҚ «Мөлдір бұлақ» салалық бағдарламасы аясында 432 теміржол станциялары мен республика бөлімшелірінң 728 сумен жабдықтау объектілері реконструкциядан өтті.


Back to the list