08.08.2017
Жобаны ЭКСПО-2017 көрмесі үшін Future Creative британдық мәдени бағдарламасы аясында Астана қаласының әкімдігі мен Урбанистика орталығының қолдауымен Британдық Кеңес іске асыруда және ол 2017 жылғы 30 қыркүйекке дейін созылмақ.
Ақпаратқа сәйкес, жобаға Астанадағы кез келген адам қатыса алады. Қаламен тілдесуді бастау үшін Facebook Messenger қосымшасы арқылы SalemAstana2017 пайдаланушысына (https://www.facebook.com/salemastana2017/) Привет немесе Сәлем көше атауы #үйдің нөмірі мәтінімен хабарлама жіберу қажет. Мысалы, «Сәлем Республика#3».
Осыдан кейін жіберуші өзі тұрған көшеден жауап хабарлама алады.
Сіз таңдаған көшемен әрбір «тілдесу» әр түрлі тақырыптарға 4-5 сұрақ пен жауаптан тұрады.
«Сәлем, Астана» интерактивті жобасы тұрғындарға қаламен қызықты нысанда тілдесуге; қала туралы өз естеліктерімен және пікірлерімен бөлісуге; қаланы жаңа тұрғыдан көруге және ол туралы басқа тұрғындардың не ойлайтынын білуге мүмкіндік береді.
Жоба Астананың Сарыарқа, Алматы және Есіл аудандарындағы көшелерді қамтиды.
Айта кету керек, «Сәлем, Астана» жобасы қала тұрғындары арасында, сондай-ақ қала тұрғындары мен қала арасында жаңа байланыс орнату үшін қалалық сәулет пен «ақылды қалалар» технологияларын пайдаланатын Playable City халықаралық жобасының тұжырымдамасына негізделген. Playable City жобасын цифрлық технологияларды пайдалана отырып, интерактивті қалалық жобалармен айналысатын PAN тәжірибелік дизайн-студиясы әзірлеген.