• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ОҚО-да 1 қыркүйек күні 20 мектеп ел игілігіне беріледі 08.08.2017

Құрылысы жоспарланған 209 нысанның 93-і 2018 жылға өтпелі. Атап айтқанда, 79 білім беру нысаны, 38 денсаулық сақтау нысаны, 1 әлеуметтік қамту, 3 спорт, 4 мәдениет, 1 ауыл шаруашылығы, 1 ішкі істер органның, 1 мұрағат, 2 абаттандыру, 1 қоршаған ортаны қорғау, 57 тұрғын үй және 21–инженерлік-коммуникациялық нысанның құрылысы жоспарланған.

«Білім беру саласына жалпы 79 (76 мектеп, 1 мектеп-интернат, 2 колледж) нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізуге 31,2 млрд. теңге бағытталған, оның ішінде ұлттық қордан – 17,4 млрд. теңге қаралып, «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 32 мектеп құрылысын жүргізу жоспарланған. 32 нысанның 19-ы 2016 жылдан өтпелі болып, 19-ын пайдалануға беру жоспарда бар. Бүгінгі күнге 4 нысан пайдалануға берілген. 2017 жылы құрылысы жоспарланған 13 мектеп 2018 жылға өтпелі», - дейді Құттыбек Рахматуллаұлы.

Сондай-ақ 2016-2017 оқу жылдарында облысымыздағы 94 білім беру нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал биыл аудандық, қалалық бюджет есебінен 43 мектеп пен 2 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстарына 2,6 млрд теңге қаралған. Бүгінгі таңда 45 білім беру нысанының 36-сында күрделі жөндеу жұмыстары жүруде. Қалған 9 нысанда мемлекеттік сатып алу конкурысы өтуде.

 «Облысымыздағы барлық мектептердегі күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары оқу маусымы басталғанша бітуі тиіс. Құрылыстың сапалы әрі мерзімді аяқталуына мән берілуі керек. Сондай-ақ жобалау сметалық құжаттама жұмыстарын тездетіп бітірудің жолдарын қарастырған жөн. Бұл ретте аудан әкімдері әр апта сайын атқарылған жұмастардың нәтижесін баяндап отыратын болады», - деді Жансейіт Қансейітұлы. 

Бұдан бөлек, 34 нысанның жобалау сметалық құжаттамалдары әзірленуде. Бұл жұмыстарға 3,8 млрд теңге бағытталғалы отыр.

 

 


Back to the list