08.08.2017
Астана қаласының әкімдігі хабарлағандай, кездесу барысында тараптар сәулет және қала құрылысы, смарт технологияларды қолдану, қалалық шаруашылықты басқару, энерготиімді жасыл құрылыс стандарттарын қолдану, қоғамдық көліктің жұмысы, аумақты абаттандыру саласында ынтымақтастық мәселесін талқылады.
Энерготиімді технологияларды қолдану мен қалаларды дамыту саласында ынмақтастық орнату және тәжірибе алмасу басты әрі өзекті мәселе болды. Оған қоса қос тарап коммуналды техника және жабдықтар өндірісі саласында өнеркәсіптік кооперацияда ынтымақтастық мәселесін талқылады.
Онымен бірге Беларусь елінің делегациясы Астананың Бас жоспарымен танысып, қала басшылығымен қосымша кездесулер өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасының тапсырмасы бойынша Астанада 2020 жылға дейін қаланы дамыту бағдарламасы іске асырылуда, оған сәйкес Астана шаһары өзін ақылды әрі қауіпсіз қала, өңір шеңберінде инвесторлар мен инновациялар үшін өңірлік халықаралық орталық ретінде қалыптастырады.