• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ОҚО халқының саны 25 мың адамға артқан 18.07.2017

Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда халық саны 1 пайызға немесе 28 448 адамға артып отыр. 

"Республика бойынша біздің облыс бала туу мен халықтың табиғи өсімі көрсеткіштері бойынша 1-орында. Ағымдағы жылдың бес айында облыс туу бойынша республика  деңгейінде алдыңғы қатарында көрінді. Оның үлесі 20,2 пайызды немесе   31 409 баланы құрады. 2017 жылғы қаңтар-мамыр айларында 1000 қыз баланың басына шаққанда 1 076 ұл бала туылды. Бұл  жерде ұл балалардың көп туылу қарқыны сақталуда", -  деді Айдар Ахметбекұлы. 

Өңір әкімдігінің хабарлауынша, халықтың жалпы санының өзгеруіне тікелей табиғи өсім, яғни халықтың туылғандар мен қайтыс болғандар санының өзгеруі және көші-қон өсімі әсер етеді. Облыста 2017 жылғы қаңтар-мамыр айларында  халықтың табиғи өсімі 25 234 адамды құраған.

Ал биылғы  I тоқсанда халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 41 069 теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,1 пайызға  өскен. Нақты ақшалай табыс 6,7 пайызға төмендеген.

2017 жылғы I тоқсанда халықтың ақшалай табыстарының басты көзі еңбек қызметінен түскен.  Осы кезеңде халықтың ақшалай шығыстарының 95,8 пайызы  тұтыну шығыстарына – азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары мен ақылы қызметтерге жұмсалған. 2017 жылғы 1-ші тоқсанда облыс бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 95 705 теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 3 пайызға артқан. 


Back to the list