• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада үлескерлерді қолдау орталығы жұмысын бастайды 17.07.2017

Орталықтың жұмысы өтініштер мен шағымдарды қабылдауға, өтінімдерді, қылмыстық, əкімшілік және азаматтық істерді (оның ішінде жауаптардың көшірмесін беру) қарау туралы мәлімет беруге, тұрғын-үй құрылысында үлескерлік қатысу саласындағы қолданыстағы Заңнаманы түсіндіруге бағытталған.

"Елордада прокуратураның бастамасымен үлескерлерді қолдау орталығын құру ұсынылуда. Ол Астана қаласы, Сейфуллин көшесінің басындағы (188 көше) ХҚКО ғимаратында орналасады. Енді азаматтар мемлекеттік органдардың əкімшілік ғимараттарында кезек күтіп тұрмайды. Барлығы бір жерде - бір терезе қағидасы бойынша болады" - делінген хабарламада.

Үлескерлік құрылыс сұрақтары бойынша барлық азаматтарды Астана қаласы əкімдігінің қызметкерлері қабылдайды.

Еске сала кетейік, бұрын астаналық әкімдік үлескерлік құрылыс картасын әзірлеген болатын. Картада үлескерлік құрылыстың 56 объектісі көрсетілген. Онда толық ақпарат, тұрғын үй кешенінің мекенжайы мен орналасқан жері, салынатын объектінің сипаттамасы көрсетіледі, фото және бейне көрсеткіштер қоса беріледі.


Back to the list