13.07.2017
«Мысалы, туризм бойынша біз қыруар шаруа атқарудамыз. Туризмді дамытудың шеберлік жоспар жасақталды, өзіміз үшін негізгі 3 бағытты анықтап алдық: MICE (оқиғалар мен іскерлік) туризм, қалалықы рекреациялық және медициналық туризм», - деп атап өтті қала басшысы.
Ә. Исекешевтың айтуынша, 2020 жылға қарай жергілікті билік Астана қаласын еуразиялық кеңістіктегі ең тартымды және көркем шаһар етпекші, қалалық демалыс пен кәсіби бизнес орталықтың сининомі болады.
«Астана түрлі ауқымды маңызды шараларды өткізетін орталыққа айналуы тиіс. Ол үшін бізде сапалы инфрақұрылымдық мүмкіндіктер жетерлік. Біз алдымызға жылына келетін шетелдік туристер санын 1 млн-ға, отандық туристер санын 2 млн-ға жеткізу міндетін қойып отырмыз. Бұл дегеніңіз жалпы туристер саны үш есе артады дегенді білдіреді. Жалпы, біздің туризмге артып отырған үмітіміз зор. Жақында ғана биртандық беделді Телеграф (The Telegraph) басылымы Астананың әлем бойынша туристер үшін ең тартымды қалаға айналуына мүмкіндігі жетерлік екенін мойындады», - деп түйіндеді ол.