13.07.2017
Шаһар басшысы Әсет Исекешов өз сөзінде атап өткендей, ХҚА хатшылығымен бірлесіп сессияда екі салалық секция ұйымдастырылды.
«Біріншісі – Қаланың тұрақталығын қамтамасыз ету үшін ақылды технологияларды енгізу, екіншісі – Заманауи урбанизация жағдайында көлік жүйесін басқару», - деді әкім сөз басында.
Сонымен қатар, Әсет Исекешев аталмыш ауқымды шараға қатысып, өз ойларымен бөлісуге келген барлық қатысушылар мен сарапшыларға алғысын білдірді.
Бұдан басқа, ол аталмыш форумның ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу күндері ұйымдастырылуының маңыздылығына тоқталды.
«Баламалы энергия түрлерін тарату, жасыл экономикаға көшу адамзаттың өміңріндегі өзекті мәселелердің бірі және ол БҰҰ-ның алға қойған міндеттерін жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Сондықтанда осы шара аясында біз аталмыш мәселенің шешімін табуды және «Жаһандық мәселелерге жауап ретінде қалаларды тұрақты дамытудың жаңа бағдарламасы» деп баршаға ортақ күн тәртібін ұсындық», - деп түйіндеді елорда әкімі.
Атап өтер болсақ, Астана қаласында аталмыш ұйым ұйымдастырған сессия үш рет – 2001, 2005 және 2008 жылдары өткізілген болатын. Биыл бұл сессия 4-ші рет өткізілуде.
Ақбота Күзекбай