15.06.2017

Естеріңізге салайық, мәдени нысан ағымдағы жылдың 5-қаңтарынан бастап жөндеуге жабылған болатын. Жаңартылған монумент 17 маусымнан бастап есігін айқара ашпақ.
«Монумент толық күрделі жөндеуден өтті. Әрлеп, безендіру жұмыстарына қазақстандық жас дизайнерлерді тарттық. Көпшіліктің күш салуының арқасында бүгінгі жетістікке жетіп отырмыз», - дейді ұйымдастырушылар.

Жөндеу жұмыстары барысында мәрмәр плиткалар мен сатылар ауыстырылды, нысанның металл конструкциялары коррозияға қарсы жабынмен өңделіп, боялды, санитарлық тораптардың жабдықтары мен витраждар жаңасына ауыстырылды.
Жаңартылған дизайн бойынша мұнараның ішкі жағын әрлеу жұмыстары көпқырлы стильде жүргізілді. Тағы бір жаңашылдық – бөлек LED-экраны бар заманауи өнер галереясы ашылды, сонымен қатар монументтің фойесіне габаритті иілгіш LED-экран қойылды. Монументтің төбесіндегі көкте самғап жүрген Самұрық құс түріндегі жаңа аспалы шам да келушілерді бей-жай қалдырмасы анық.

Астана әкімдігі ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде келушілермен жұмыс жасау үшін еріктілерді тартпақ.
Келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында билет салыталатын терминалдар орнатылды.
Айта кетейік, Бәйтерек – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады.