07.06.2017
Бүгінде Петропавлда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға 8600-ден астам азамат кезекте тұр.
Жуық арада ЖТҚ үшін «Солнечный» шағын ауданы белгіленген, онда қазір түбегейлі жоспарлау жоспарына сәйкес, 2094-тен астам учаске бар.
Солнечный кентінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту мен абаттандыруға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
«Осы мақсаттарға 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді. Жеке тұрғын үйлерді салу және кейіннен оларды ЖТҚ үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтарға өткізу үшін жергілікті атқарушы орган бірыңғай құрылысшыны немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды тартып жатыр. 1 ш.м. тұрғын үй құрылысының құны 100 мың теңгеден аспауы тиіс», - делінген хабарламада.
Бөлінген учаскеде салынатын үйлер құрылысшылардың жеке жобалары немесе үлгілік жобалар бойынша салынатын болады. Болашақта бұл жерде үш қабаттан тоғыз қабатқа дейінгі тұрғын үй кешендерін салу жоспарланып отыр.
Бағдарламаға қатысушылар жер учаскесі және өткізілген коммуникациялары бар дайын үйлерді өздері сатып алуға немесе төмен пайызбен сатып алу үшін ТҚЖБ-дан қарыз алуға құқылы. Бүгінгі таңда құқық белгілеу құжаттарын ресімдеу үшін 500 өтініш келіп түскен.
Жобаның бірінші кезегін биылғы жылдың күзінде іске асыру жоспарлануда.