07.06.2017
Қала әкімдігі хабарлағандай, кондоминиум тіркеу меншік иелеріне өздерінің ортақ мүлкін толық пайдалану, сондай-ақ өз үйін басқарудың кез келген нысанын таңдау құқығын береді.
2013-2016 жылдар аралығында 537 тұрғын үй ғимаратында техникалық тексеру жүргізілген, оның ішінде 372 үй апатты жағдайда деп танылса, оның 228-і 2017 жылдың соңына дейін бұзуға жататын үйлердің бірінші кезеңіне енгізілген.
Бүгінгі таңда астаналық Тұрғын үй инспекциясы басқармасы 1950-2000 жылдары салынған, техникалық тексеруді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлер тізбесін анықтады. Олардың саны жалпы ауданы 3 млн 120 мың шаршы метрді құрайтын 1 416 көпқабатты үйге жетеді.