• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада 2349 көпқабатты  үй цифрланды 06.06.2017

Астана қаласының тұрғын үй инспекциясының  басқармасы  қалалық тұрғын үй қорының мәліметтер базасын жетілдіріп, жүйелендіре алады, деп хабарлады Elorda.info.

Электрондық паспорт 60 параметрді қамтиды, оның ішінде  көп қабатты  тұрғын үй қорын, үйдің жалпы сипаттамасы,  алаң мен қабатын, үйдің конструктивтік  элементтері мен тозған уақытын  басқара алады. Жөндеу жүргізу деген сынды кез келген  өзгерту  міндетті түрде электрондық паспортқа енгізіледі. Сондай-ақ,  қызмет көрсететін ұйымдар үйлердің электрондық паспортымен жұмыс істей алады.

«Әрбір үйдің паспорты электрондық құралда болуы керек. Ол Астана қаласының  тұрғын үй инспекциясының серверінде сақталады. Бұл мониторда нысанның шынайы жағдайы мен  техникалық сипаттамасын көруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мекемелерді паспорттау  көп қабатты үйлердің  өңірлерді дамыту  бағдарламасына енгізуді қарастырады», - деді  «Өркен қала»  ЖШС  мамандандырылған құзыретті ұйымның  директоры  Сағындық Есімханов.

ТКШ саласындағы мамандар хабарлағандай,  600 көпқабатты үйдің шатыры мен вентиляциялық шахтасы мен самалдығы ескірген. 1990 жылға дейін салынған  үйлер электр үнемдеу жүйелері қазіргі қысымға сай емес, инженерлік желілерге жөндеу жүргізу керек.

Мәліметке сәйкес, күрделі жөндеу әр 25 жыл сайын жүргізіледі.  Алайда жөндеу жұмысы  ТКШ жаңғырту бағдарламасына қатысатын үйлерге жүргізілмейді. 


Back to the list