• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда «Нұрлы жер» бойынша 650 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріледі 02.06.2017

Ел Президентінің тапсырмасы бойынша Алматыда «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларына 20 млрд. теңге, ал дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 33 млрд. теңге бөлінген.

«Алматыда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында алғашқы бес жыл ішінде құны 140 млрд. теңге болатын 670 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Жыл қорытындысы бойынша үй кезегінде тұрған әрбір төртінші отбасы тиесілі пәтерін алады» - деді Б.Байбек.

Айта кетейік, атлеттер ауылының кешені 23 гектар аумақты алып жатыр, мұнда 14 тұрғын үй бар. Оның айналасы заманауи видебақылау жүйесімен, өрт қауіпсіздігмен толық қамтылған. Ауыл кешенінде ХҚКО, емхана, супермаркет, банк және пошта бөлімшелері, полицияның тірек пункті жұмыс істейді. Атлеттер ауылын салуға заманауи әрі экологиялық таза материалдар пайдаланылды.


 


Back to the list